«Мейірім» медициналық орталығы – халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін және ISO 9001-2009 сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандарттарына сәйкес сертификаты бар облыстағы жалғыз мекеме.
Диагносикалық орталық – «Мейірім» медициналық орталығының құрылымына кіреді. Ол қаланың тыныш, жайлы орталығында орналасқан. Диагностикалық базасы әлемдік өндірушілердің эксперттік класты ең жаңа заманауи жабдықтарымен жақсы жабдықталған, аспаптық және зертханалық диагностиканың жоғары нақтылық әдістері әр түрлі ауруларды барынша дәл, қысқа мерзімде диагностикалауға мүмкіндік береді.
Бізде барлық жағдай жасалған, медициналық орталыққа жүгінгендер тек сапалы медициналық көмек ала алады. Әр бір қаралушы қызметкерлердің ықыласы мен қамқорлығына бөленген.
Тек біздің диагностикалық орталықта ғана сәулелік диагностиканың барлық түрі – магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография бар. Тек бізде ғана 1 күнде зерттелуге болады және диагностика жасалады, ақылы үйге шақырту қызметі көрсетіледі, оның құрамына: дәрігерлер қызметі, қол әрекеті (манипуляция), зертханалық талдау сынамасы, ЭКГ, массаж кіреді.
Тек бізде ғана тәуліктің кез келген уақытында амбулаторлық емшара бөлмесінде әр-түрлі қол әрекетін алуға болады. Біздің көптеген қызмет көрсету тізімімізде – пластикалық хирургия және дәрігерлік косметология, ішек тазалау, омыртқаны құрғақ созу, электрлік кардиография (ЭКГ), Холтер-ЭКГ–жүрек қызметін мониторлау, электрлік энцефалография (ЭЭГ), Холтер-ЭЭГ– ми қызметін мониторлау және т.б. бар.
Жүргізілген зерттеулер негізінде, әр түрлі бағдардың білікті мамандарының кеңесі сізге сапалы емдеу тағайындайды.
Диагностикалық орталықтың ұжымы – емделушілерге жайлы, ізгі ниетті ахуал жасайтын дәрігерлер, медбикелер, көмекші қызметкерлердің бірыңғай тобын құрайды. Ұжым құрамында–3 медицина ғылымдарының кандидаты, 6 денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары және бірінші санатты мамандар бар. Олардың көбі – Ресейдің, АҚШ-тың, Англияның, Германияның, Болгарияның, БАӘ-ның, Түркияның, ҚХР-нің, Жапонияның, Тайландтың, Францияның медициналық ғылыми-практикалық орталықтарында қосымша оқудан және тағылымдамадан өткен мамандар. Халықаралық кәсіби медициналық қоғамының мүшелері болып табылады.
Біз Сізге төмендегі медициналық қызмет түрлерін ұсынамыз:
1. Диагностика:
* Магниттік-резонанстық томография (МРТ)
* Компьютерлік томография (КТ)
* Сандық рентгенография
* Барлық ағзалардың УДЗ-сі
* Электрлік кардиография (ЭКГ)
* Холтер-ЭКГ- жүрек қызметін мониторлау
* Электрлік энцефалография (ЭЭГ)
* Холтер-ЭЭГ – ми қызметін мониторлау
* Фиброгастродуаденоскопия (ФГДС), видео-ФГДС
* Бейнекольпоскопия
* Спирография
* Аудиометрия
* Зертханалық зерттеулер
* Көктамырлық және бұлшықеттік егулер және амбулаторлық емшара бөлмесінде тамшылатып құю.
2. Мамандар кеңесі:
* Терапевт
* Кардиолог
* Невропатолог
* Гастроэнтеролог
* Эндокринолог
* Инфекционист
* Офтальмолог
* Отоларинголог
* Гинеколог
* Хирург-травматолог
* Пластикалық хирург
* Дерматокосметолог
* Акушер-гинеколог
* Уролог
* Нейрохирург
* Маммолог
Сізге қызмет көрсету және емдеу ыңғайлы болу мақсатында мереке күндерінде ауыстыру және қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.
Магнитті-резонанстық және компьютерлік томография кабинеті мен емшара кабинеті тәулік бойы жұмыс істейді. Тәуліктің кез келген уақытында Сіз тамшылатып құю мен көктамырлық және бұлшықеттік егулер ала аласыз.
Сіздің тез сауығып кетуіңізді тілейміз! |