logo.gif (3480 bytes)

top_nav_left.gif (191 bytes)

Негізгі бетке

Кері байланыс

Байланысу

RUS

KAZ

ENG

+7 (7262) 55-67-55 Call-center,
ISO 9001-2016, ISO 14001-2016,
OHSAS 18001-2008

Қазақстан, Тараз, Пушкина көшесі, 29
Емхана
   
Интерактивті сауалдама
 
Толығырақ...>>>
 
Банерлер
   

Емхана

Халықаралық  стандарт бойынша жұмыс істейтін және ҚР СТ ИСО - 9001-2009 халықаралық сапа жүйесіне сәйкес сертификаты бар Облыстағы жалғыз емхана.
«Мейірім» МО №8 қалалық емханасы Байзақ батыр көшесі, №227, №204, 204/а, екі 2-қабатты және бір 3-қабатты ғимаратта орналасқан.
Емхана шекарасы-  Байзақ батыр көшесі 56-147; Ташкентская 21-167; Ақмолда батыр көш.1-бұрылысы; Байгесиева (Элеваторная) 1-95; Элеваторный 1- бұрылыс, 1-56; Баженова көш.; Казакова көш.; Байтұрсынов көш. 1-33; Тастандиева көш. 1-бұрылысы 23-56; Сыздықова 2-53; Самаркандская 95-101; Абай көш. 172-200 және «Құмшағал», «Көлтоған», «Қызыл-Абад» елді мекендері.
Бекітілген 41435 тұрғындарға, оның ішінде балалар-17688, ересектер-23747 медициналық қызмет көрсетіледі. Емхана 2 жылға аккредитациядан өткен сертификаты бар қаладағы санаулы емхананың бірі.
Емхана территориялық принцип бойынша жұмыс істейді, біліктендірілген, мамандандырылған медициналық көмектің келесі түрлері: алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультативті-диагностикалық және күндізгі стационар қызметі бекітілген тұрғындарға  тегін медициналық көмектің  кепілді көлеміне сәйкес көрсетіледі. Бекітілмеген тұрғындарға қызметтер ақылы негізде  көрсетіледі.
Емханада келесі құрылымдық бөлімшелер орналастырылған:
Терапиялық бөлім;
Педиатриялық бөлім;
Гинекологиялық бөлім;
Арнайы (тар шеңберлі) мамандар бөлімі;
Диагностикалық бөлім;
Профилактика (алдын ала емдеу) бөлімі;
Күндізгі стационар.
Емханада келесі қызмет түрлері көрсетіледі:
Емханада балалар мен ересек тұрғындарды амбулаторлық қабылдау;
Белсенді қызмет пен үйге шақырту;
Нәрестелер мен жүкті әйелдер патронажы;
Тұрғындарды профилактикалық және скринингтік тексеру;
Зертханалық-диагностикалық зерттеу;
Күндізгі стационар жағдайында емдеу;
Физиоемдеу, массаж, парафинмен емдеу;
Тұрғындарды салауатты өмір салтына оқыту;
Жұқпа аурулары ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу;
Психолог кеңесі мен әлеуметтік қызметкер қызметі;
Зертханалық және диагностикалық қызметтер жүргізуге арнайы аппараттары жоқ медициналық мекемелерге көмек көрсету;
Келісім шарт негізінде мекеме қызметкерлерімен, тұрғындардың декреттелген тобына санитарлық кітапша бойынша профилактикалық медициналық тексеру.
      Емхананың принциптік артықшылығы-  жақсы материалдық-техникалық базасының болуы, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталғандығы: ең жаңа сандық рентген аппарат «Sitec» (Оңтүстік Корея), «Lilyum» сандық маммографы, «Medison Accuvix 10» (Жапония) УДЗ аппараттары және «Sanoos 8000» 5 көрсеткіші бар (құрсақтық, қынаптық, кардиалды,  сызықтық, ЗД көрсеткіші) «Rentax» ФГДС (Жапония), авторефрактометр «Topcon» (Жапония), саңылаулы шам, Электроэнцефалограф  (ЭЭГ), «Нейронспектр-2», спирограф, аудиометр, заманауи физиоаппаратура және т.б.
Тек бізде ғана «Siemens» компаниясының заманауи бірегей зертхана жабдықтары бар. Олар келесі анализатор (анықтағыш) түрлері:
*     автоматты иммунологиялық хемилюминесцентті «Immulite 1000» - «Siemens» анықтағыш – Германия;
*     автоматты биохимиялық анықтағыш «Sappire 400» - «Hirose Elektronic System» - Жапония;
*     автоматты гемотологиялық  «МЕК - 7222» - «Nikon Kohden Corporation» - Жапония;
*     автоматты несеп анықтағышы «Clinitec Status»- «Siemens» - Германия;
*     автоматты электролиттер анықтағышы – «ABL 9180» Германия;
*     биохимиялық жартылай автоматты анықтағыш «Humalyzer 2000» - Германия;
*     иммуноферменттік жартылай авттоматты «Humareader Single» - Германия;
*     сандық спектрофотометр «PD - 303»Жапония;
*     иммуноферменттік шағын планшетті фотометр анықтағышы – «Stal Fax 2100» АҚШ;
*     сызықтық станса «Leica St-4040» - Жапония. Жатыр мойыны қатерлі ісігін ерте анықтауға Папоникалау бойыншажақпаны бояу үшін.
Емхананың 40 төсектік орынға лайықталған күндізгі стационары Байзақ батыр көшесі, 204-тегі жаңа 2 қабатты корпуста  орналасқан. Пациенттерге жайлы, ыңғайлы бөлмелер теледидармен, телефон байланысымен жабдықталып ұсынылған. Білікті, мамандандырылған медициналық көмекті жоғары және бірінші санатты дәрігерлер келесі бағдарлар бойынша көрсетеді:
         Терапиялық;
·        Неврологиялық;
·        Хирургиялық
·        Акушерлік- гинекологиялық
 
 
Пациенттерге қолдау көрсету қызметі
 
Біздің медициналық ұйымда Қазақстан Республикасы Кодексінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 58- бабына сәйкес  ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ (Ішкі бақылау қызметі) құрылған.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ (Ішкі бақылау қызметі) функциясына медициналық көмек көрсету тәртібі бұзылу фактілерін анықтау кіреді.
Осыған сәйкес, Егер Сіз:
- Медициналық көмек көрсету сапасына риза болмасаңыз;
- Медициналық қызметкер тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз;
-Тегін медициналық көмектің  кепілді көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық көмек үшін медициналық қызметкердің ақша талап ету фактісі болса, сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық сұрақтар туындаса ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгіне аласыз. Обьективтілік және ашықтық принципін сақтау мақсатында Комиисия Сіздің жүгінуіңізді Сізді қатыстыра отырып қарастырады.
Өзіңізге ыңғайлы болуы үшін Сіз өз жүгінуіңізді аты-жөніңіз бен байланыс мәліметтеріңізді (мекен-жай, телефон) көрсете отырып медициналық ұйымның кіре берісінде орналасқан Жолданым жәшігіне жазбаша түрде қалдыра аласыз, сондай-ақ  медициналық ұйымның сайтында қалдыра аласыз. Сайт мекен жайы: meirim.kz.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ мүмкіндігінше қысқа мерзімде және 5 күнтізбелік күннен асырмай,  Сіздің Жолданымыңызды  қарау нәтижесі туралы ақпаратты ұсынады.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ (Ішкі бақылау қызметі) 46-07-09 телефоны арқылы немесе №12 кабинетке жүгінуіңізге болады.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ емделіп жатқан пациенттің өзі немесе оның туыстары жүгінуіне болады.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ біздің пациенттерімізге көрсетілген медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанарлық дәрежесін анықтау,сондай-ақ проблемалық сұрақтарды анықтау және алдағы уақытта медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында пациенттер мен (немесе) олардың туыстарына сауалнамалар жүргізеді.    Сауалнама ерікті түрде, анонимділікті сақтай отырып жүргізіледі, сондықтан Сіздің фамилияңыз бен мекен-жайыңызды сауалнамада көрсету талап етілмейді.
Егер Сіз сауалнама сұрақтарына Өз пікіріңізді нақты көрсететін жауаптарды таңдап берсеңіз, біздің ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға үлес қосасыз, сол үшін Біз Сізге ризашылық білдіреміз.         
 
№8 емхана Call-орталығы:
Телефон 556-717
Жұмыс уақыты 09.00-18.00
 
Жамбыл облыстық аймақтық                                                                   
Call-орталық
Телефон 555-160
Жұмыс уақыты 08.00-20.00
 
Емханада біліктендірілген, мамандандырылған      медициналық көмекті 66 дәрігер көрсетеді: Олардың ішінде  6 дәрігер денсаулық сақтау ісі үздігі, Ресей, АҚШ, Англия, Болгария және т.б. оқыту мен тағылымдамадан өткен      жоғары және бірінші санатты мамандар. Көптеген дәрігерлер халықаралық медициналық қоғамы мүшелері болып табылады.
 

 

Емхана бөлімшелерінің жұмысы туралы толығырақ ақпаратты «Қызметтер» бөлімінен білуге болады.                                                                                                                                                                                                                              
 
  • 9997
  • 396
  • 38
All right reserved! © МЦ «Мейірім» СТ РК ISO 9001-2016, ISO 14001-2016, OHSAS 18001-2008   
Разработано: Агентство "5-й Элемент"