logo.gif (3480 bytes)

top_nav_left.gif (191 bytes)

Негізгі бетке

Кері байланыс

Байланысу

RUS

KAZ

ENG

+7 (7262) 55-67-55 Call-center,
ISO 9001-2016, ISO 14001-2016,
OHSAS 18001-2008

Қазақстан, Тараз, Пушкина көшесі, 29
Орталық туралы
   
Интерактивті сауалдама
 
Толығырақ...>>>
 
Банерлер
   

Гинекологиялық бөлім

Облыстағы халықаралық  стандарт бойынша жұмыс істейтін және ҚР СТ ИСО  - 9001-2009 халықаралық сапа менеджменті жүйесіне сәйкес сертификаты бар жалғыз емхана.

Емханада білікті, мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық көмек тұрғындарға 4 аймақ бойынша көрсетіледі. Бөлім құрамына отбасын жоспарлау және жатыр мойны патологиясы бөлмесі кіреді. Барлық аймақтар бірінші және екінші санатты  акушер-гинеколог дәрігерлер мен акушерлермен жасақталған.

Аймақтық акушер-гинеколог дәрігерлер келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

·        Емханада жүкті әйелдер мен әйелдерді қабылдау және кеңес беру;

·        Зертханалық және диагностикалық тексерулер жүргізу;

·        Босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерге патронаж өткізу;

·        Қажеттілігіне қарай үйге барып қарау;

·        Шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсету;

·        Көрсеткіштерге қарай бейнекольпокопияға жолдама беру;

·        Диатермокоагуляциға жолдама беру;

·         Папаниколау бойынша онкоцитологияға жағынды алу;

·        Гинекологиялық науқастардың «Д» тобын қалыптастырып, ары қарай сауықтыру;

·        Тұрғындардың мақсатты тобына жатыр мойны обыры мен сүт бездері обырының алдын алу бойынша алдын ала тексеруді өткізу;

·        «Үйдегі стационарды» ұйымдастыру;

·        Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тәулік бойғы стационарға және  көрсеткіші бойынша күндізгі стационарға емделуге жолдама беру;

·         Ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктері негізінде жүктілік асқынуларының, босанғаннан кейінгі кезең, гинекологиялық аурулардың алдын алу бойынша емдік-алдын алу іс- шараларын өткізу; 

·        Жүкті әйелдерді ерте анықтау бойынша іс- шаралар өткізу (жүктіліктің 12 аптасына дейін) және оларды бақылау;

·        Келесі бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізу: отбасын жоспарлау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, емшек сүтімен қоректендіру, жас аналар мектебі,  жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың алдын алу, жатыр мойны мен сүт бездері обырының алдын алу және т.б.;

·        Отбасын жоспарлау бөлмесінде жүкті әйелдерге психопрофилактика және босануға дайындық  бойынша сабақтар жүргізу.

 

Бекітілген тұрғындарға тегін көмек тегін медициналық көмектің  кепілді көлеміне сәйкес көрсетіледі.

Бекітілмеген тұрғындарға қызмет ақылы негізде  көрсетіледі.

Аймақтық акушер-гинекологтар жылжымалы кесте бойынша 08.30-дан 20.00-ге дейін (қысқы мерзімде 19.00-ге дейін) сенбі, жексенбіден басқа күндері  жұмыс істейді.

Мекен жайы: Байзақ батыр көшесі, 204

Тіркеу орны телефоны: 46-26-74, 51-93-34.

 

Өз денсаулығыңыз -  өзіңіздің қолыңызда!

 

 

 

  • 13040
  • 416
  • 298
All right reserved! © МЦ «Мейірім» СТ РК ISO 9001-2016, ISO 14001-2016, OHSAS 18001-2008   
Разработано: Агентство "5-й Элемент"