logo.gif (3480 bytes)

top_nav_left.gif (191 bytes)

Негізгі бетке

Кері байланыс

Байланысу

RUS

KAZ

ENG

+7 (7262) 55-67-55 Call-center,
ISO 9001-2016, ISO 14001-2016,
OHSAS 18001-2008

Қазақстан, Тараз, Пушкина көшесі, 29
Орталық туралы
   
Интерактивті сауалдама
 
Толығырақ...>>>
 
Банерлер
   

Терапия бөлімі

МО стационары – халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін және ISO 9001-2009 сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандартына сәйкес сертификаты бар облыстағы жалғыз мекеме.

          Емделушілерге қызмет көрсетеді: 4 және 2 орындық стандарттық типтегі палаталар, 1 орындық және 2 орындық Люкс-палаталар,  1 орындық және 2 орындық VIP палаталар және ықыласты, сыпайы медициналық қызметкелер, жеке таңдалған ас мәзірі мен  оңтайландырылыған емдеу процесі.

     Барлық VIP және люкс-палаталар (1орындық және 2 орындық) кабельді теледидар, сымсыз интернет, кондиционер, тоңазытқыш, қалалық телефон, жеке санитарлық түйіндермен жарақтандырылған.

Бөлімде жүргізіледі:

*       Терапиялық бағдардағы науқастарды зерттеу, диагностикалау және емдеу: тыныс алу мүшесі, қан айналымы, ас қорыту, бүйрек, буындар, жүйке жүйесі.

*       Білікті кеңестер береді: терапевт, кардиолог, невропатолог, гастроэнтеролог, инфекционист, эндокринолог, уролог, хирург-травматолог,  гинеколог, офтальмолог, отоларинголог, фтизиатр, пульмонолог, онколог, дерматолог, дерматокосметолог, пластикалық хирург, нейрохирург, маммолог.

Терапия бөлімінде төмендегі бағыттар бойынша көмек көрсетіледі:

*       Пульмонология – науқастарды созылмалы бронх қабынуынан, өкпе қабынуынан емдеу;

*       Кардиология – науқастарды артериялық қан қысымы көтерілуінен, жүректің аруынан және т.б. аурулардан емдеу;

*       Гастроэнтерология – науқастарды созылмалы асқазан қабынуы, ойық жара ауруы, созылмалы бауыр қабынуы, созылмалы өт қапшығы қабынуы, созылмалы ұйқы безінің қабынуы және т.б. аурулардан емдеу;

*       Урология – науқастарды бүйректің түтікшелері-ішектік ауруларынан емдеу;

*       Неврология – науқастарды жүйке жүйесінің орталық және шеткергі ауруларынан емдеу.

 «Мейірім» МО стационарында емделуде болған кезде, емделуші медициналық қызметтің толық кешенін алады (зертханалық-құралдық зерттеу; әр түрлі бағдардағы дәрігерлердің кеңесі). Жүргізілген зерттеулер негізінде, әр-түрлі бағдардағы білікті мамандар- терапевт, кардиолог, невропатолог, эндокринолог, уролог, отоларинголог, окулист қажет болған жағдайда басқа мамандар кеңесі сапалы емдеуді емделушінің тек негізгі ауруына ғана емес, ілеспе ауруына да тағайындайды. Емдеуге міндетті түрде массаж, физиоемдеу мен емдік дене шынықтыру кіреді. Сонымен қатар қызмет көрсету бөлімінде бар қосымша емдерді ала аласыз. Сіз кітапхана, шахмат, нарды, караоке фитнес- зал, жаттығу залы қызметтерін пайдалана аласыз.

Сізге қызмет көрсету мен емдеу қолайлы болу үшін мерекелік күндерді ауыстыру және қосымша демалыс күндері жоқ.

Барлық емшаралар үзіліссіз және толық көлемде жүргізіледі. Барлық емделушілер емдеуші дәрігер мен кезекші дәрігердің бақылауында болады.

Науқастарды емдеуге жатқызуға қабылдау тәулік бойына жүргізіледі.

Бөлім дәрігерлері:

·     Әлімбекова Жанар Үмбетәліқызы –көпбағдарлы стационар меңгерушісі, жоғары санатты терапевт-дәрігер, дәрігер-гастроэнтеролог.

·     Шәмшиева Тамара Мейірманқызы – жоғары санатты терапевт-дәрігер.

·  Нурманова Рано Абдималиковна - терапевт-дәрігер. 

  

  • 3820
  • 133
  • 89
All right reserved! © МЦ «Мейірім» СТ РК ISO 9001-2016, ISO 14001-2016, OHSAS 18001-2008   
Разработано: Агентство "5-й Элемент"