logo.gif (3480 bytes)

top_nav_left.gif (191 bytes)

Негізгі бетке

Кері байланыс

Байланысу

RUS

KAZ

ENG

+7 (7262) 55-67-55 Call-center,
ISO 9001-2016, ISO 14001-2016,
OHSAS 18001-2008

Қазақстан, Тараз, Пушкина көшесі, 29
Орталық туралы
   
Интерактивті сауалдама
 
Толығырақ...>>>
 
Банерлер
   

Мембраналық плазмаферез

МО стационары – халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін және ISO- 9001-2009 сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандартына сәйкес сертификаты бар жалғыз мекеме.

 «Мейірім» МО Сіз Мембраналық плазмаферез емшараларын стационарда да амбулаторлық жағдайда да ала аласыз.

Плазмаферез қаннан плазманы ерітілген  зиянды уландырғыш заттармен (детоксикация) бірге бөліп шығару.

Детоксикация зақымданған мүше қызметін жүргізілген дәстүрлі емдеуге қарағанда барынша жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

 Емшараны жүргізу

Мембраналық плазмаферез емшарасы ешқандай ауырлықсыз (жанға батпайтын) және тамаша жайлы жағдайда өткізіледі. Сіз ыңғайлы креслода жатасыз, «Гемофеникс» аппараты жалғыз ине арқылы көктамырға енгізіліп, қанды шусыз бір реттік  «Роса» мембраналық плазмофильтрмен бір жарым сағат ішінде тартып алады.

Бір емшара уақытында 30%-ға дейін қан тазарады. Екіншіден кейін жасуша аралық сұйықтық тазарады. Үшіншісі кезінде жасушадан токсиндер (у) шығады. Тек қан тазарып қана қоймай, барлық тіндер, соның ішінде ішкі ағза жасушалары мен тері де тазарады.

Мембраналық плазмаферездің ең үлкен артықшылығы – әдеттегі центрифугалық плазмаферез кезіндегідей  эритроциттер бұзылмайды.

Мұндай «жұмсақ» плазмаферез әдістемесі мүмкіндік береді:

·        Ағзаны тұтастай «жасарту»;

·        Қанның тұтқырлығын азайту;

·        Қанның тіршілік үшін маңызды элементтерін жоғалтпай, ағзаның табиғи қорғаныс жүйесін белсендіру;

·        Берік иммундық жүйе қалыптастыру.

Мұндай емшаралар өмір ағысында бастан өткерген аурулары немесе зиянды қошаған орта мен өндіріс жағдайларымен байланыс, уақыт өте келе бәрібір білінетін жинақталған «қождар» бар адамдарға да жүргізіледі. Мұндай қождармен мерзімінен бұрын қартаю да байланысты, сондықтан  адамның орташа өмір сүру ұзақтығы өзінің биологиялық мүмкіндіктерінен екі есе аз. Қазіргі аурудың алғашқы алдын алу мерзімінен бұрын қартаюдың алдын алуға қызмет етеді.

Бүгінгі таңда мембраналық плазмаферез «Гемофеникс» аппаратында денеден тыс емдеудің ең қауіпсіз әдісі болып табылады.

Плазмаферез кеңінен қолданылады:

·        Акушерлік гинекологияда

·        Гемотологияда

·        Хирургияда

·        Пульмонологияда

·        Кардиологияда

·        Нефрологияда

·        Неврологияда

·        Наркологияда

·        Психиатриада

·        Дерматологияда

·        Реанимотология және қауіпті жағдайда интенсивті емдеу

·        Педиатрияда

·        Онкологияда

·        Инфекцияда

·        Офтальмологияда

·        Эндокринологияда

·        Ревматологияда

·        Гепатологияда

·        Токсикологияда

·        Аллергологияда

 Плазмаферезге көрсеткіштер:

·        Жүрек -қантамыр жүйесі аурулары

·        Тыныс ағзаларының аурулары

·        Асқазан- ішек жолдарының аурулары

·        Бауыр ауруы

·        Эндокриндік жүйе аурулары

·        Бүйрек ауруы

·        Тері аурулары

·        Дәнекер тіндердің жүйелік аурулары

·        Көз аурулары

·        Аллергиялық аурулар

·        Жүйке жүйесі аурулары

·        Күйік аурулары

·        Жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

·        Жұқпалы аурулар

·        Акушерлік және гинекология

·        Қатерлі ісіктегі эндотоксикоз

·        Дені сау адамдарға сауықтыру үшін

 Плазмоферезге қарсы көрсеткіштер:

·        Мидың және басқа да тіршілік үшін маңызды ағзалардың қайтымсыз зақымдануы

·        Жантәсілім

·        Қан кету

Кейде плазмаферез аурудың терминалды сатысында науқастың әлі де қанағаттанарлық жағдайы болса қолдануға болады, егер қанның айналымы патологиялық факторын босатса Мұндай науқасқа плазмаферезді емшараның қажетті бөлігі жүзеге асқанша немесе оны көтере алмаушылықтың белгілері пайда болғанша жүргізуге болады.

Емшараның еселік және мерзімділігі

Дені сау адамдарға плазмаферез емшарасы 3 күнде 1 рет өткізіледі. Емшара саны- 3. Емдеу курсының аралығы 6 айды құрайды.

Қандай да бір ауру болса, дәрігердің тағайындауымен диагноздың көрсеткішіне сай 5-10-12 емшараны құрайды.

Емшаралар алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.

 Сізге қызмет көрсету мен емдеу ыңғайлы болу үшін мерекелік күндерді ауыстыру және қосымша демалыс күндері жоқ.

 Сіздің тез сауығуыңызды тілейміз!

 

  • 3855
  • 148
  • 61
All right reserved! © МЦ «Мейірім» СТ РК ISO 9001-2016, ISO 14001-2016, OHSAS 18001-2008   
Разработано: Агентство "5-й Элемент"