Сандық рентгенография
«Мейірім» Медициналық Орталығы облысымыздағы ISO-9001-2009 менеджмент жүйесінің халықаралық сапасына сай сертификаты бар жалғыз орталық болып табылады.
«Мейірім» Медициналық Орталығында флюрография қызметімен Оңтүстік Кореяның « Sitec» фирмасының «JUMONG E» жаңа цифрлік рентген аппаратында пациенттерге зерттеу жүргізіледі.Бұл өте сезімтал рентгенографиялық жүйе, басқа рентгенологиялық аппараттарға қарағанда бұл жүйенің сәулелік жүктемесі өте төмен, сондықтан аурулардың зерттелуіне көп мүмкіндік береді.Лазерлік принтерден шыққан жоғары сапалы суреттер, қайта түсу қажеттілігінен сақтайды.Шұғыл түскен ауруларға зерттеу жүргізгенде, диагнозын қою мүмкіндігі бар.
Хабарлығы.
Цифрлік рентген аппаратында зерттеу жүргізу барысында зерттеу органның суреті экранда пайда болады, бұл шығаруға жақсы шығатын суретті таңдауға мүмкіндік береді.
Хабарды сақтау мүмкіндігі.
Зерттеу қорытындылары компьютерде сақталып, қажет болған жағдайда дискіге көшіріліп, пациентке беріледі.
Жылдамдығы.
Зерттеу қорытындылары 10 минут аралығында дайын болып, суреті шығарылып беріледі.
Сәуле алу мөлшерінің төмендігі.
Цифрлік рентген аппаратында зерттеу жүргізгенде, ағзаға сәулелік жүктеменің көрсеткіші қарапайым рентгенографиямен салыстырғанда 20 есе төмен, панорамалық рентгенге қарағанда 2-3 есе аздау.
Артықшылықтары:
-сәуле алу мөлшерінің төмендігі
-хабарлығы жоғары
-жоғары сапалы суреттер
-хабарды сақтау
-зерттеу жылдамдығы
Сіз стационарлық және амбулаторлық жағдайларда зерттеуден өте аласыз.
Цифрлік рентгенография мына ауруларды зерттеу барысында қолданады:
· өкпе және средостения-инфекциялық, ісік және басқа ауруларда;
· омырқа-дегенеративті-дистрофиялық (остеохондроз,спондиллез, омыртқаның қисаюы ), инфекциялық және асқынатын (спондилиттің түрлері), ісік аурулары;
· перифериялық қаңқаның түрлі бөлімдері-түрлі травматикалық (сынықтар, шығып кету),инфекциялық және ісік өзгерістерде;
· іш құрылысы-органдардың(мүшелердің) перфорациясында,бүйрек жұмысын зерттегенде(экскреторлық урография) және басқа өзгерістерде.
Рентгенолог-дәрігері: Нұрхожаев Асхат Набиұлы
Кабинеттің жұмыс тәртібі: тәулік бойы
Call-center: 55-67-55
Сізге тез сауығып кетуіңізді тілейміз!
|