logo.gif (3480 bytes)

top_nav_left.gif (191 bytes)

Негізгі бетке

Кері байланыс

Байланысу

RUS

KAZ

ENG

+7 (7262) 55-67-55 Call-center,
ISO 9001-2016, ISO 14001-2016,
OHSAS 18001-2008

Қазақстан, Тараз, Пушкина көшесі, 29
Орталық туралы
   
Интерактивті сауалдама
 
Толығырақ...>>>
 
Банерлер
   

Хирургия

 МО стационары – халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін және ISO 9001-2009 сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандартына сәйкес сертификаты бар жалғыз мекеме.

Хирургиялық бөлімнің құрылымында отоларингология, травмотология-ортопедия, пластикалық және эстетикалық хирургия, сонымен қатар гонартроз, остеоартроз өзгеруі бар науқастарды операциясыз, дәрімен емдеу де бар.

        Хирургиялық бөлім жабдықталған: операциядан кейінгі палата, 4 және 2 орындық стандарттық типтегі палаталар, 1 орындық және 2 орындық Люкс –палаталар,  1орындық және 2 орындық VIP палаталар және ықыласты, сыпайы медициналық қызметкелер, жеке таңдалған ас мәзірі мен  оңтайландырылған емдеу процесі.

Барлық VIP және люкс- палаталар (1орындық және 2 орындық) кабельді теледидар, сымсыз интернет, кондиционер, тоңазытқыш, қалалық телефон, жеке санитарлық түйіндермен жарақтандырылған.

Бөлімде жоғары санатты білікті мамандар қызмет етеді, олардың арасында денсаулық сақтау ісінің үздіктері де бар. Хирургиялық бөлім кабинеттері заманауи жабдықтармен жабықталған.

«Мейірім» МО стационарында емделуде болған кезде, емделуші медициналық қызметтің толық кешенін алады (зертханалық-аспаптық зерттеу; әр түрлі бағдардағы дәрігерлердің кеңесі). Зертханалық,  және аспаптық диагностикалық тексеру әдістері арқылы жүргізілген зерттеулер негізінде әр-түрлі бағдардағы білікті мамандар терапевт, кардиолог, ревматолог, невропатолог, эндокринолог, уролог, офтальмолог, отоларинголог кеңесі беріледі. Сізге тек негізгі ауруға ғана емес, ілеспе ауруына да сапалы емдеу тағайындайды. Емдеуге міндетті түрде массаж, физитерапиялық емдеу мен емдік дене шынықтыру кіреді. Сонымен қатар қызмет көрсету бөлімінде бар қосымша емдерді ала аласыз. Сізге фитнес зал, жаттығу залы, кітапхана, шахмат, нарды, караоке қызмет көрсетеді.

Отоларинголог қызметінің негізгі клиникалық бағыттары:

*       Мұрын қуысы және мұрын маңы қойнауы ауруларын хирургиялық және операциясыз (консервативті) емдеу;

*       Құлақ ауруы және емізік тәрізді өсікті сауықтыру және естуін жақсарту отасы;

*       Жұтқыншақ ауруы- жергілікті жансыздандырумен  хирургиялық емдеу.

Бөлім қызметкерлері  мол тәжірибелі, әр түрлі ЛОР дерттенуі бар науқастарға қажетті жоспарлы және шұғыл көмекті беруге қажетті операция мен манипуляцияның (қол әрекеті) барлық  түрлерін меңгерген.

Бөлімде жоғары санатты отоларинголог дәрігер Нурова Махмуза Рахымқызы жұмыс істейді.  

Хирургия және травмотология қызметінің негізгі бағыттары

Біздің мамандарымыздың жұмыс бағыты-  қазіргі хирургия, травмотология, ортопедияның әр түрлі мәселелері. Емдеудің консервативті, оперативті әдістерін қолданамыз.

Емделушілерге стационардан шыққаннан кейін де толық жазылып кеткенше бақылау жүргізіледі.

Бөлімде жоғары санатты хирург- травматолог дәрігер Пак Сергей Николаевич жұмыс істейді.

Пластикалық және эстетикалық хирургияның негізгі бағыттары:

 

*       Бет және мойын терісін тарту;

*       Блефаропластика;

*       Отопластика;

*       Ультрадыбыстық липосакция;

*       Абдоминопластика;

*       Нұсқалық пластика;

*       Липофилинг;

*       Плазмолифтинг.

 Бөлімде жоғары санатты пластикалық хирургтар жұмыс жасайды:

Пулатов Аббос Абдуллаевич

Пак Сергей Николаевич

Пластикалық хирургтар Тайландта, Мәскеу және Алматыда оқудан өткен, практикалық мол тәжірибе жинақтаған.

Бөлімде пластикалық операция жасау үшін соңғы жетістіктегі жабдықтар және құралдармен жабдықталған аппараттар бар: липосакция жасау үшін «Zoring» неміс фирмасының ультрадыбыстық хирургия аппараты және блефаропластика, отопластика, абдонимопластика және ЛОР отасы үшін неміс және ресейлік өндірістің қазіргі коагуляторлары.

Сізге қызмет көрсету мен емдеу қолайлы болу үшін мерекелік күндерді ауыстыру және қосымша демалыс күндері жоқ.

Барлық емшаралар үзіліссіз және толық көлемде жүргізіледі. Барлық емделушілер емдеуші дәрігер мен кезекші дәрігердің бақылауында болады.

Науқастарды емдеуге жатқызуға қабылдау тәулік бойына жүргізіледі.

Сіздің тез сауығуыңызды тілейміз!

 

 

 

 

 

  • 3860
  • 133
  • 129
All right reserved! © МЦ «Мейірім» СТ РК ISO 9001-2016, ISO 14001-2016, OHSAS 18001-2008   
Разработано: Агентство "5-й Элемент"