logo.gif (3480 bytes)

top_nav_left.gif (191 bytes)

Негізгі бетке

Кері байланыс

Байланысу

RUS

KAZ

ENG

+7 (7262) 55-67-55 Call-center,
ISO 9001-2016, ISO 14001-2016,
OHSAS 18001-2008

Қазақстан, Тараз, Пушкина көшесі, 29
Орталық туралы
   
Интерактивті сауалдама
 
Толығырақ...>>>
 
Банерлер
   

Тері косметологиясы

 МО стационары – халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін және ISO 9001-2009 сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандартына сәйкес сертификаты бар жалғыз мекеме.

Тері- бірегей ағза, оның қызметі аса маңызды. Тері ағзаның ішкі ортасы мен сыртқы ортаның арасындағы бөгеу болып табылады, деннің саулығын сыртқы әсерлер мен факторлардан сенімді қорғайды. Сонымен қатар тері біздің қоршаған ортадағы қауіпсіздігіміз бен өмір сүруімізді қамтамасыз ететін  сенсорлық ақпаратттардың үлкен легін миға береді.

Қоршаған ортаның факторларының әсері  әртүрлі және шамадан тыс

жиі болады, ол тері жамылғысы күйіне әсер етпей қоймайды, терінің жиі ауруы ағза ішіндегі патологиялық процестердің  көрінуінен де болуы мүмкін.

Косметология бұл Сұлулық туралы сан қырлы ғылым, грек тілінен аударғанда KOSMETIKE «безендіру, әдемілеу» дегенді білдіреді. Алайда, косметикалық манипуляцияның мақсаты адамдардың сыртқы келбетін өзгерту мен жақсарту оларды білдіретін терминнен бұрын пайда болған. Өркениеттің дамуы шегінде адамның денесі, беті, фигурасы, сұлулығы туралы түсініктер өзгерді, сұлулықтың идеалды қағидалары қалыптасып, бізге дейін жетті. Сұлулық тұлғаның үйлесімді дамуы бейнесінің бір шегі болды.

Көптеген адамдарға өзінің ішкі және сыртқы әлемі үйлеімділігіне жету үшін өзінің Рух, Парасат, Денесін жетілдіре отырып, өзімен көп жұмыс жасауы қажет. Қазіргі әлемде өзіндік стиль, басқа ешкімге ұқсамайтын өзіндік имидж жасау қаншалықты маңызды болса, мұнда көмекке дәрігер -косметолог келеді.

         Біздің «Мейірім» МО дәрігер-дерматокосметологы келесі емшараларды жүргізеді:

* *       Диспорт – әсемдік егу, мимикалық әжімдерді тегістеу – 1 бірлікке 500тг, бірлік саны тегістеу аумағына байланысты (мейрам күндері жеңілдіктер);

*       Пилинг бразильдік – 8000 тг, гликольдік – 5500-8000 тг,

ТСА – 12000-15000 тг;

*       Мезотерапия – 8000–20000тг (коктейлге байланысты);

*       Бетті кәсіби күтім – 3000 тг;

*       Лазерлік лифтинг және бетті жасарту– 2000тг;

*       Термеңдікті емдеу – 100000тг жоғары;

*       Бет нұсқасына пластика жасау – "Юви-Дерм" препаратында –

63000-84000 тг, "Teosyal"  препаратында – 63000-16500 тг, "Pluryal" препаратында 46000-50000 тг, "Neoramis" препаратында – 44000 тг.

*       Липофилинг (аппаратта) - 32000 тг;

*       Липофилинг (аппаратсыз бір реттік жинақтама) - 41927 тг;

*       Биеровитализация – 38000 –90000тг;

*       Плазмолифтинг – 20000тг (мейрам күндері жеңілдіктер);

*       "Неуронокс" аппаратында инъекциялар – 70000 тг;

*       Мезонити - 1800 тг бір жіпке ( жіп саны жасалатын аймаққа байланысты, мейрам күндері жеңілдіктер 10-20%);

*       Папилломаны алу – 1500-3000 тг;

*       Ультродыбыстық пилинг – 3000 тг;

*       Гальвонотерапия – 3000 тг;

*       Хромотерапия – 3000 тг;

*       Бетті механикалық тазалау – 3000тг.

Соңғы бағасы және қол әрекеті немесе ота жасау көлемі дәрігер-дерматокосметолог немесе пластикалық хирург кеңесінен кейін  анықталады.

Біздің орталықта дәрігер-дерматокосметолог пен пластикалық хирург кеңесі – тегін.

Дәрігер-дерматокосметолог пен пластикалық хирург Мәскеуде, Алматыда, Тайландта, АҚШ-та, Францияда оқудан өтті.

Халықаралық конгрестер, тренингтер, шебер-сыныптарына үнемі қатысып отырады. Халықаралық дерматокосметологтар мен пластикалық хирургтар қауымдастығының мүшесі. Жинақталған практикалық мол тәжірибесі бар. 10 жылдан аса жемісті еңбек етуде.

 

«Сұлулық бұл сән-салтанат емес, сұлулықбұл қажеттілік».

 

  • 3795
  • 148
  • 1
All right reserved! © МЦ «Мейірім» СТ РК ISO 9001-2016, ISO 14001-2016, OHSAS 18001-2008   
Разработано: Агентство "5-й Элемент"