logo.gif (3480 bytes)

top_nav_left.gif (191 bytes)

Негізгі бетке

Кері байланыс

Байланысу

RUS

KAZ

ENG

+7 (7262) 55-67-55 Call-center,
ISO 9001-2016, ISO 14001-2016,
OHSAS 18001-2008

Қазақстан, Тараз, Пушкина көшесі, 29
Орталық туралы
   
Интерактивті сауалдама
 
Толығырақ...>>>
 
Банерлер
   

Мануалдық терапия

 «Мейірім» медициналық орталығы – халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін және ISO 9001-2009 халықаралық сапа менеджмент жүйесі   стандартына сәйкес сертификаты бар облыстағы жалғыз мекеме.

         «Мейірім» медициналық орталығында Сіз мануалдық терапияны стационарлық және амбулаторлық жағдайда да ала аласыз.

Мануалдық терапия – омыртқаның, бұлшықеттің және буынның дерттенуін жою мақсатында тіндерге әсер ету. Ол адамға жақсы көңіл-күй мен денсаулығын табысты қайтарады.

Мануалдық терапия жеке бағдарлама ретінде де және дәрі-дәрмектік, аппараттық және басқа да әдістер кешенімен бірге қолданылады. Мануалдық терапия орташа 10-нан 20-ға дейінгі сеанста қолданылады. Осы уақыт ішінде маман бірегей әдістер жүргізу арқылы дертін жояды және ағзасын сауықтыруға бағыттайды. Сеанстардан кейін Сізде ауыру және жағымсыз сезім азаяды. Сіз жақсы көңіл-күй, жағымды эмоция мен  сергектік қаутын сезесіз. Мануалдық терапия біздің күнделікті әбігерлік өміріміздегі ширығуды жояды.

Мануалдық терапия – тек Сіз үшін оңтайлы да нәтижелі жеке үлгі бойынша жүргізіледі. Бірден, бірінші сеанстан кейін-ақ Сіз ауырудан құтылып, қозғалыста еркіндікті сезінесіз.


Көрсеткіштері:

*        балалар мен ересектердің туған кезінен және бас-ми жарақатынан кейінгі жағдайы

*        әр түрлі этиологиядағы бас ауруы

*        қозғалыс-тірек аппаратының  ауруы, оның ішінде мойын, кеуде, омыртқаның белдік бөлігі       остеохондрозы, құяң және т.б.

*        қабырға аралық невралгия

*        сымбаттың бұзылуы және сколиоздар

*        артроздар мен артриттер

*        ішкі ағзаның аурулары

*        импоненттік

*        бедеуліктің кейбір түрлері.

 

Мануалдық емдеу ауыр дерттер кезінде кешенді емдеу элементі ретінде қолданылады.  


Қарсы көрсеткіштер:

·        кез келген жердегі қатерлі ісік;

·        жежел жұқпалы аурулар, соның ішінде остеомиелит, туберкулездік спондилит;

·        бас сүйегінің, омыртқаның, жамбастың, сүйектердің жарақаттануы

·        ми және жұлын қан айналымының жіті бұзылуы (инсульттер)

·        омыртқалық артерия окклюзиясы мен тромбоз

·        жарақаттанудан кейінгі бас сүйекшілік гипертензияның жартылай  қалпына келуінің тұрақтану сатысы

·        бас миының және жұлынның, олардың қабығы ауруларының жіті және жітіге жуық асқынуы (миелит, менингит және т.б)

 

 

Мануалдық терапия емшарасын  бірнеше рет оқыту курсынан өткен, практикалық жұмыс тәжірибесі бар дәрігер-невропатолог Умралиев Мадияр Жұмалыұлы жүргізеді.

  Сізге қызмет көрсету және емдеу ыңғайлы болу үшін мерекелік және  қосымша демалыс күндерін ауыстыру  жоқ.

 Жұмыс кестесі:       

Дүйсенбі- жұма: сағат 09.00-18.00.

Сенбі – сағат 09.00-13.00.

                                                     Сіздің тезірек сауығып кетуіңізді тілейміз!

  • 3892
  • 148
  • 98
All right reserved! © МЦ «Мейірім» СТ РК ISO 9001-2016, ISO 14001-2016, OHSAS 18001-2008   
Разработано: Агентство "5-й Элемент"