logo.gif (3480 bytes)

top_nav_left.gif (191 bytes)

Негізгі бетке

Кері байланыс

Байланысу

RUS

KAZ

ENG

+7 (7262) 55-67-55 Call-center,
ISO 9001-2016, ISO 14001-2016,
OHSAS 18001-2008

Қазақстан, Тараз, Пушкина көшесі, 29
Орталық туралы
   
Интерактивті сауалдама
 
Толығырақ...>>>
 
Банерлер
   

АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу

 Қазақстан Республикасы

                                                                             Денсаулық  сақтау  және 

                                                                           әлеуметтік  даму  Министрінің

                                                                                   2015 жылғы  «27» сәуірдегі

                                                                                                                                                                      № 272 бұйрығына                                                                                                        

                                                 4- қосымша

 

 

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия

медициналық тексерілу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет  (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2.  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және  әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)  әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының  ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді  қабылдау  және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің  нәтижелерін беру  қызметті  беруші  арқылы  жүзеге  асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік  қызметті көрсету тәртібі

 

 4. Мемлекеттік  қызметті көрсету мерзімі:

1)               көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәтінен бастап  - зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде - 20 (жиырма)  жұмыс күні;

2)               құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3)               көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут.

5. Мемлекеттік  қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік  қызметті көрсету нәтижесі – «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның  иммун тапшылығы  вирусына антиденелерді зерттеу  туралы анықтама-сертификат.

Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.

Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда мемлекеттік  қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.

7. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін көрсетіледі, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің                                      35-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және  мемлекеттік қызметтердің осы мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармақшасындағы көрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурсына орналастырылады.

Ақы төлеу көрсетілген  қызметті берушінің кассасына қолма-қол есеп айырысумен жүргізіледі.

8. Көрсетілген  қызметті берушінің жұмыс кестесі осы мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармақшасында көрсетілген.

Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және тездетіп қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды:

АИТВ-инфекциясының болуына міндетті медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде - жеке басын куәландыратын құжаты

АИТВ-инфекциясының болуына анонимді медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға жеке код беріледі. 

 

 

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)   шағымдану тәртібі

 

10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Министрлікке  беріледі:

 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8, Министрлер  үйі, кіреберіс № 5

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып тіркеу,   көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңесінде  шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгіне алады.

 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы  тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

 

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің өзге де талаптары

 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және  жұмыс  кестелері Министрліктің www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде  немесе   қызмет  көрсетушінің үй-жайларында  орналасқан.

13. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы қашықтықтағы қолжетімділік режімінде бірыңғай байланыс-орталығы арқылы  ақпараттарды  алуға   мүмкіндігі  бар.

Порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.

14.   Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-777, (1414).

 

                              

  • 3831
  • 148
  • 37
All right reserved! © МЦ «Мейірім» СТ РК ISO 9001-2016, ISO 14001-2016, OHSAS 18001-2008   
Разработано: Агентство "5-й Элемент"