logo.gif (3480 bytes)

top_nav_left.gif (191 bytes)

Негізгі бетке

Кері байланыс

Байланысу

RUS

KAZ

ENG

+7 (7262) 55-67-55 Call-center,
ISO 9001-2016, ISO 14001-2016,
OHSAS 18001-2008

Қазақстан, Тараз, Пушкина көшесі, 29
Орталық туралы
   
Интерактивті сауалдама
 
Толығырақ...>>>
 
Банерлер
   

Гинекологиялық бөлім

МО стационары – халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін және ISO 9001-2009 сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандарттарына сәйкес сертификаты бар жалғыз мекеме.

          Емделушілерге қызмет көрсетеді: 4 және 2 орындық стандарттық типтегі палаталар, 1 орындық және 2 орындық Люкс-палаталар,  1 орындық және 2 орындық VIP палаталар және ықыласты, сыпайы медициналық қызметкелер, жеке таңдалған ас мәзірі мен  оңтайландырылыған емдеу процесі.

     Барлық VIP және люкс-палаталар (1орындық және 2 орындық) кабельді теледидар, сымсыз интернет, кондиционер, тоңазытқыш, қалалық телефон, жеке санитарлық түйіндермен жарақтандырылған, тапсырысты ас мәзірі қарастырылған.

Бөлімде жоғары санатты білікті акушер- гинекологтар жұмыс істейді:

-Распекова Ләззат Кыбрайқызы

-Искакова Майра Тұрсынбекқызы

Дәрігер гинекологтардың кабинеті заманауи жабдықтар мен құралдармен жабдықталған.

Гинекологиялық бөлім – әйелдердің әр түрлі мәселелерін шешуде хирургиялық және консервативті көмек көрсетуге негізделген, атап айтқанда:

*       Бедеулік;

*       Етеккір бұзылуы;

*       Жыныс мүше ауруының асқыну үдерісі;

*       Жыныс мүшесінің төмен түсуі;

*       Жатыр мойын жарасы;

*       Үйлесімсіздік  аурулары (жатыр миомасы, эндометрид, ана безі күлдіреуі);

*       Жүктілікті аяғына дейін көтермеу (20 аптаға дейін қоса алғанда)

*       Жүктілік барысының дерттенуі (20 аптаға дейін қоса алғанда) және т.б.

Қол әрекеті (манипуляция) мен отаның келесі түрлері жүргізіледі:

*       Жатыр мойны жарасы ұйылысына электр әрекетін қосу;

*       Кондиломаны диатермокоагуляциялау;

*       Жатыр мойны түймешігін жою, диатермокоагуляциялау;

*       Бейнекольпоскопия;

*       Отаның барлық түрі (ана без күлдіреуігі, қынап күлдіреуігі, жатыр миомасы және т.б.);

*       Жүктілік кезінде жатыр мойнына тігіс салу;

 «Мейірім» МО көп бағдарлы  стационарының гинекология бөлімінде  емделуде болған кезде, емделуші білікті медициналық қызметкерлердің ұсынған медициналық қызметтің толық кешенін алады. Жүргізілген зерттеулер негізінде, әр-түрлі бағдардағы- терапевт, терапевт, кардиолог, невропатолог, эндокринолог, уролог, офтальмолог, отоларинголог және қажет болса басқа да білікті мамандар кеңесі диагноз қоюмен бірге сапалы емдеуді емделушінің тек негізгі ауруына ғана емес, ілеспе ауруына да емдеу тағайындайды. Емдеуге міндетті түрде массаж, физиотерапиялық емшара мен емдік дене шынықтыру кіреді. Сонымен қатар қызмет көрсету бөлімінде бар қосымша емдерді ала аласыз. Сіз кітапхана, шахмат, нарды, караоке фитнес- зал, жаттығу залы қызметтерін пайдалана аласыз.

Сізге қызмет көрсету мен емдеу қолайлы болу үшін мерекелік күндерді ауыстыру және қосымша демалыс күндері жоқ.

Барлық емшаралар үзіліссіз және толық көлемде жүргізіледі. Барлық емделушілер емдеуші дәрігер мен кезекші дәрігердің бақылауында болады.

Науқастарды емдеуге жатқызуға қабылдау тәулік бойына жүргізіледі.

 Сіздің тез сауығуыңызды тілейміз!

 

 

 

 

 

  All right reserved! © МЦ «Мейірім» СТ РК ISO 9001-2016, ISO 14001-2016, OHSAS 18001-2008   
Разработано: Агентство "5-й Элемент"