|
МО стационары – халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін және ISO 9001-2009 сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандартына сәйкес сертификаты бар облыстағы жалғыз мекеме.
Лимфодренаж және тығыздық емдеуі
Тығыздық терапиясы немесе аппараттық лимфодренаж (ВTL аппараты – 6000 combi Lymphastim) ауырсынусыз емшара ретінде ұсынылады. Бұл емшара жүргізу кезінде адам ағзасынан жасушараларық жиналған артық сұйықтар шығарылады.
Лимфодренаж (тығыздық емдеуі) – лимфа жүйесіне арнайы жең бүкпесі арқылы берілетін қысылған ауа көмегімен әсер етеді.
Бұлшықетті бірізді ырғақты демелістеу лимфада және тінде қан ағысын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Тығыздық емдеуінің арқасында адам ағзасынан зиянды заттардың үлкен бөлігі шығарылады, мысалы, токсиндер, артық жиналған сұйықтар. Осылайша тығыздық емдеуі ағзаға терең жалпы нығайту және сауықтыруға әсер етеді, ішкі ағзалар жұмысын қалыпқа келтіреді және қан ағысын жақсартады.
Бұл қондырғы биік етіктен, мықым мен ішке арналған жалпақ белдіктен, қолға арналған қолғаптан тұратын костюм болып табылады. Тығыздық аппараты қысылған ауаны әр бөлшекке айдайды, қысым мен үзіліс ырғақты түрде ауысып отырады. Тығыздық емдеуі айтарлықтай кең түрде қолданылады. Ол аса маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі: май жиналумен күреседі, әр түрлі ісікті қайтаруға, тоқтаған жасушааралық сұйықтықты қууға, тері болбырлығын және артық салмақ болдырмау, иммунитет көтеру, түбегейлі сауықтыру және ағза қызметін тұрақтандыру.
Тығыздық емдеуін күнде жүргізуге болады. Сеанс ұзақтығы – 45-60 минутқа дейін. Сеанс нәтижесінде иммунитет жоғарылап және күйзеліс тұрақтанады, көңіл-күй жақсарады, ағза сергиді және қуаттанады, бүкіл дененің жеңілденуі сезіледі.
Оңды нәтиже бірінші емшарадан кейін-ақ білінеді және курс аяқталғаннан кейін де ұзақ уақытқа сақталады. Басқа емшаралар түрлерімен де үйлеседі.
Көрсеткіштері:
· лимфалық айналымның бұзылуы;
· лимфалық ісіктер;
· жергілікті май жиналу;
· созылмалы көктамыр жетімсіздігі;
· май жиналу және артық салмақ;
· төмен сергулік, тері болбырлығы;
· отадан кейінгі және жарақаттанудан кейінгі ісіктер;
· бұлшықет ширығуы, жаттығудан кейін немесе жұмыстан кейін;
· аяқ ауырлығы;
· тамыр кеңеюін, тамырда қан ұюының алдын алу;
· әр түрлі ісіктер;
· отадан кейінгі оңалту;
· тері созылуының болуы;
· безеулік бөртпе (акне) және оны емдеу салдары;
· терідегі ұсақ тыртықтар;
· терінің қартаю белгілерінің білінуі;
· тамыр кеңеюінің алғашқы сатысы;
· тері ісуі және қабынуы;
· иммунитеттің төмендеуі;
Қарсы көрсеткіші:
· жіті және жақын арада болған тамырда қан ұю, тромбофиебит, тамырда терең қан ұю;
· сынық, қолдану жерінде немесе жақын жерде буынның шығуы;
· Тері аурулары:
· жоғары қан қысымы (гипертония)
· қансырау (ішкі немесе сыртқы)
· жіті безгектік жағдай, дененің жоғары қызуы;
· тамыр кеңейюінің соңғы сатысы;
· жіті қабыну үдерісі;
· тамырлардың, қолқаның, жүректің аневризмі;
· жіті инфаркт миокардасы немесе инсульттен кейінгі жағдай;
· өкпе ісігі;
· қант диабетіндегі аздаған және тамыр ісігінің үлкен болуы;
· парестезия немесе тері зақымдануы, іріңдеу;
· электрондық медициналық қондырғының болуы;
· тамыры кеңеюі немесе лимфатикалық құйылыстың күшеюін қаламаушылық.
Лимфодренаж/тығыздық емдеуі стационарлық және амбулаторлық науқастар үшін жүргізіледі.
Сізге қызмет көрсету ыңғайлы болу үшін мерекелік және демалыс күндерін көшіру қарастырылмаған. Барлық емшара күнделікті жүргізіледі.
Кабинет жұмысының кестесі:
Дүйсенбі – жұма сағат 09.00-19.00-ға дейін
Сенбі – сағат 09.00-16.00-ге дейін
Сізге тез сауығуыңызды тілейміз!
|